Ескендір ЕсімовБатыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8 - шопан, Социалистік Еңбек Ері (1966), Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982). 1929 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1945-1957 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданындағы «Сайқын» ұжымшарында көмекші шопан болып істейді. 1957 жылдан М. Мәметова атындағы кеңшарда аға шопан болады. 1965 жылы бағымдағы саулық және тоқты отарларын шығынсыз бағып, қозы алу, жүн өндіру жөнінде жоғарғы көрсеткіштерге жеткен.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1966)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері
Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері