Шөжелер, шөжеторғайлар () - Торғайтәрізділер отрядының сары шымшық тұқымдасына жататын туыс тармағы.
Биологиялық сипаттамасы Қанатының ұзындығы 6-7 cм, салмағы 10-12 г. Сырттай қарағанда кәдімгі шымшыққа ұқсайды: сұр түсті, төбесінде қара не қара қоңыр қауырсындарынан тұратын айдары болады. Тұрғылықты құс. Жазда жәндіктерді, қыста өсімдіктерді және өсімдік тұқымдарын қорек етеді. Ұясын ағаш кеуегіне салады. Жаз бойы жұмыртқалайды, 5-9 шұбар жұмыртқа салып, олардың ұрғашысы 13-15 күн басады. Балапандарын еркегі мен ұрғашысы 20 күн басады.
ТМД-да 6 түрі бар; оның 4 түрі Қазақстанда мекендейді: қарабас шөже (P. palustris), күреңбас шөже (P. montanus), ақжағал шөже (P. songarus ), қыраубас шөже (P. cinctus). Олар жазық далада және таулы ормандарда мекендейді. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер