Абдоллаев Шәдібай Нұрғазыұлы (5 ақпан 1928 жыл туған, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қарауылтөбе ауылы) — хирург, медицина ғылымдарының докторы (1971), профессор (1981), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1966).Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9
Өмірбаяны Алматы мемлекеттік медициналық институтын (1956, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген. Қызылорда облыстық ауруханасында хирург (1956-58), облыстық аурухананың бас дәрігері (1958-76), Алматы қаласындағы Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары әрі республикалық клиникалық аурухананың бас дәрігері (1976-77), медицина институтының кафедра меңгерушісі (1977-95), профессор (1995) қызметтерін атқарды.
Абдоллаев Шәдібай Нұрғазыұлының негізгі ғылыми-зерттеулері жедел хирургияның мәселелеріне, әсіресе, ерте кезеңдегі релапаротомияны хирургиялық жолмен қайта емдеуге, жүкті әйелдерге хирургиялық көмек көрсеткенде эхолокация, инфрақызыл термография, лапароскопия әдістерін қолдануға арналған.
250-ден астам ғылыми еңбектің, 4 монографияның, 47 оқу-әдістемелік талдаманың, 7 әдістемелік нұсқаулықтың, 5 авторлық куәліктің иегері. Алматыда 3 ғылым докторын, 4 ғылым кандидатын даярлады.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024.
Естелік Қызылорда қаласы орталық көшеге есімі берілген.
Марапаттары Қызыл Ту ордені Қызылорда қаласының құрметті азаматы (1996).
Шығармалары Некоторые вопросы классификации и лечения перитонитов, Алматы, 1964; Релапаротомия. Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости, под редакцией академика В.С.Савельева, М., 1976 Очерки по неотложной хирургии, Алматы, 1986.
Дереккөздер
Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Профессорлар Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері