Оспанғали Қожабергенов (1906, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы – 1966, Қатонқарағай ауданы) – сыбызғышы.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Өмірбаяны Сыбызғыны 12 – 13 жасында сол өңірге белгілі сыбызғышы Мұсадан үйренген. 1957 жылы республикалық халық шығармашылығы үйінің арнайы шақыруымен Алматыға келіп: “Ақсақ қой” “Сары өзен” “Жорға аю” “Күйсандық” “Жетім қыз” “Өрелі көк” “Жетім бала” “Кеңес күйі” “Көк бұқа” “Бозінген” “Аққабаның толқыны” “Желмен” “Балжынкер” деген күйлер жаздырды. 1957 – 58 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясында сыбызғыдан сабақ берді. Ол домбыраға арналған күйлерді де жете меңгеріп, сыбызғы күйлерін екі аспапта да тарта білген.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:1906 жылы туғандар Санат:Катонқарағай ауданында туғандар Санат:1966 жылы қайтыс болғандар Санат:Катонқарағай ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақстан сыбызғышылары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары