Шағын топ - ортақ әрекетпен, өзін ұстау нормаларымен біріккен, жақын эмоционалдық қарым-қатынаста болатын саны аз адамдар тобы (3-тен 15 адамға дейін). Сыныптық-сабақтық жүйенің аясындағы ұжымдық-топтық жұмысты ұйымдастыру шағын топқа арналған.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
Шағын топ — ортақ мақсат-міндеттер арқылы бір-бірімен тікелей байланысатын адамдар бірлестігі. Шағын топтағы моральды-психологиялық кейіп кіші топтың әлеуметтік психологиялық күйін сипаттайтын түсінік. Бұл түсінік негізінде топ мүшелерінің бір-біріне, іске қатынасына деген әдептік нормалар, топ мүшелерінің алдарына қойылған мәселелерді ұйымдасып шешуіне және жұмыс жасауына психологиялық дайындығы қарастырылады.Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Дереккөздер
Санат:Педагогика Санат:Терминология