Сепаратты бейбітшілік (лат. separatus — «бөлек», «ерекше»), — соғысушы коалиция құрамындағы бір тараптың өз одақтастарының келісімі мен рұқсатынсыз жасасатын бейбіт келісімі. Сепаратты бітім соғысты толық тоқтатудан бұрын жасалады. Коалициялар кейде бөлек-бөлек бітімдер жасамауды өзара келісіп алса да, бұл әрдайым сепаратты бітімдердің жасалуына кедергі бола бермейді.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
Мүндай бітімгершілік әскери-саяси жағдайлардың өзгеруіне немесе мәжбүрліктен (мемлекеттің экономикалық және әскери күшінің әлсіреуі) байланысты жасалуы мүмкін. Сепаратты бейбітшілік қалып-тасқан жағдайларға байланысты теңдік негізде немесе қандай да бір жаққа саяси артықшылықтармен жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайда әділетті немесе әділетсіз бітімгершілік туралы айтуға болады. Жалпы Сепаратты бейбітшілік - мемлекетаралық қатынастарға кедергілерді жоюға бағытталған бейбіт саяси сұхбатты жалғастырудың конструктивті негізі.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3.
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Саясат әлеуметтануы