Барба́дос () — Кариб бассейніндегі Барбадос аралында орналасқан мемлекет, орналасқан аралы Кіші Антил Аралдары тобына кіреді, Кариб теңізінің шығысында орналасқан. Салыстырмалы түрде алғанда Оңтүстік Америка құрлығына жақын, 434,5 км Венесуэланың солтүстік-шығысында орналасқан.

Қысқаша мәлімет Жер ауданы – 430 шаршы шақырым. Астанасы – Бриджтаун. Әкімшілік бөлінісі бойынша 11 ауданға бөлінеді. Халқы 300 мың. Оның 80 пайызы – зәңгілер, 20 пайызы – ақ пен аралас нәсілділер. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Діні - христиан. Ұлттық мейрамы – 30 қарашадағы Тәуелсіздік күні.

Конституциясы Барбадос - Британия Достастығының мүшесі болғанымен, ол 2022-жылынан бері монархия емес. Мемлекет басшысы – Президент, Басқарушысы – Премьер-Министр.

Заң шығаратын билігі 5 жыл мерзімге сайланатын парламентке жүктелген.

Тарихы Барбадос орналасқан аралды ерте кезде үндістердің аравак пен кариб тайпалары мекендеген. 1518 жылы аралды испандар ашып, ағаштарды қалың өскендіктен "Барбадос" () деп атаған. Испандықтар үндістерді Гаитиге құлдыққа сатумен айналысты.

1605 жылы Барбадосқа ағылшындар келді де, біршама уақыттан соң аралды өз отарына айналдырды. Ағылшындар мұнда темекі плантацияларын ұйымдастырып, құл еңбегін кеңінен пайдаланды.

1628 жылы Бриджтаун қаласының негізі қаланды да, ол отаршылдардың басты тірегіне айналды. 17- ғасырдың 30-жылдары Барбадосқа Бразилиядан қант қамысы әкелінген соң, жұмыс күші жетіспей, Африканы көптеп құлдар тасылды. 1966 жылы 3-қарашада Барбадосқа Достастық шеңберінде тәуелсіздік берілді. 1966 жылдың желтоқсанында БҰҰ-ға мүшелікке қабылданды. 2022 жылы Ұлыбритания монархы Екінші Елизавета Барбадостың монархы болуын тоқтатады және Барбадос парламенттік республикаға айналады.

Экономика нобай|солға|Барбадос аралының үстінен көрінісі, 2011 Барбадос 300 жылдан астам ағылшын отары болғанымен, қазіргі кезде Кариб аралындағы мемлекеттермен салыстырғанда халқының әл-ауқаты өте жоғары. Жан басына шаққандағы жылдық табысы 11,5 мың доллар көлемінде. Алтын валюта қоры – 34,6 млн. доллар.

Барбадос экономикасының негізгі салалары: туризм және қант қамысын өндіру. Бұған қосымша жүгері, тропиктік жеміс–жидектер, көкөніс, мақта өсіріледі. Мал шаруашылығы мен балық шаруашылығы да дамыған. Экспортқа қант, ром мен т.б. тауарлар шығарылады. Мұнай, табиғи газ, жеңіл өнеркәсіп және тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындары көп.

Дереккөздер

* Санат:БҰҰ мүше мемлекеттері