Ибор - Қараторғай өзенінің оң жағалауындағы қыстау. Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Жаңақала ауылының солтүстігінде 2 километр жерде орналасқан.
Шығыс бөлігінен Үлкен Сабасалды өзені ағып өтеді. Маңында Қараторғай, Шеңбер, Әбіш қыстаулары бар. Өзен арналарының бойындағы жыралардың биіктігі 5 – 10 метр. Жайылым жерінің шөбі шүйгін, мал шаруашылығына пайдалануға қолайлы.
Дереккөздер
Санат:Қостанай облысы қыстаулары Санат:Амангелді ауданы географиясы