Фермер қожалығы- кәсіпкерлік үлгідегі тауарлы ауыл шаруашылық кәсіпорны. Ол меншікті, жалға алынған немесе өмірлік мұрагерлікпен иеленуге берілген жерде жүргізіледі. Шаруашылық фермердің жеке еңбегімен, оның отбасы мүшелерінің еңбегімен, сондай-ақ әдетте, егінжайда қолданылатын жалдамалы еңбектің көмегімен жүргізіледі. Еңбекті ұйымдастыру және пайдалану нысаны жерді пайдалану сипатына, шаруашылықтың механикаландырылу жөне тауарлылық деңгейіне, нарықтық байланыстардың дамытылу дәрежесіне байланысты.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Қаржы