Әтікей Қазақбайұлы (1869- 1902) — Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы күрескен батыр.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х Шыққан тегі – Ұлы жүздің Суан руы.
Жетісу жеріне келімсектердің жаппай қоныстануына байланысты Көктал, Өсек, Тышқан, Бұрқан өзенінің бойындағы елде де дүрбелең басталды. Нұржекей батыр мен ел жігіттерінен жасақ құрып, ұзақ уақыт мұғажырлардың Жаркент өңіріне келіп орын тебуіне қарулы қарсылық көрсетті. Ақырында Ресей әскерлері оны атып өлтірген. Қос батырдың ерлігін мадақтайтын "Әтікей — Нүржекей" дастаны бар. Дастан тұңғыш рет 1986 жылы "Мұра" журналының 3-санында (ҚХР) жарық көрді. Оны "Жалын" баспасы біршама толықтырьш, жеке кітап етіп шығарды (1993).Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер