Мексика ( ), ресми — Мексикалық Біріккен Штаттары () — Солтүстік Американың оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Жер аумағы 1964375 км² Халқы 130 698 727 адам. Ұлттық құрамы метистер (испандар мен үндістердің некесінен тарағандар) (78%), үндістер (15%) және еуропалықтардан (7%) тұрады. Астанасы — Мехико. Ресми тілі — испан тілі. Халқының басым бөлігі — христиан-католиктер. Мексика — федеративтік республика. 1917 жылы 5 ақпанда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Президентті халық 6 жыл мерзімге сайлайды. Жоғары заң шығарушы органы: Сенат (6 жыл мерзімге сайланады) пен Депутаттар палатасынан (3 жыл мерзімге сайланады) құралатын ұлттық конгресс. Жоғары атқарушы органы — Министрлер кабинеті ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 16 қыркүйек (1810). Әкімшілік жағынан 31 штат пен федералдық астаналық округке бөлінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымына (1945), Америка мемлекеттері ұйымына (АМҰ) (1948) мүше. Валютасы - Мексика песосы.
Тарихы thumb|left|200px Мексика жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастаған. Шамамен б.з.б. 3-мыңжылдықтың ортасынан бастап Орталық және Оңтүстік Мексикадағы тайпалар отырықшылыққа көшті, егіншілік, қол өнері, өнер, дін дамыды.
Б.з. бастапқы кезеңінде Орталық Американың солтүстік-батыс бөлігіне майя тайпалары қоныстанды (қара Майя мемлекеті).
15 ғасырда бүкіл орталық Мексиканы өздеріне бағындырған ацтектер Теночтитлан қаласының (қазіргі Мехико) негізін қалады.
1519 жылы Э.Кортес бастаған испан отаршылары Мексикаға ішкерілей еніп, басқыншылық соғыс жүргізе бастады. Куаутемок басшылық еткен үндістер басқыншыларға қарсы табанды қарсылық көрсетті, бірақ 1521 жылы испандар Теночтитланды басып алды. 16 ғасырдың соңына қарай испандар Мексика жерін негізінен бағындырып болды. Байырғы халықтар жерлерінен айырылып, ауыр қанауға, аштыққа ұшырады. 25 миллионға жуық үндістердің 1605 жылы 1 миллионнан астамы ғана қалды.
1624, 1692 жылы Мехикода, 1660 жылы Оахакиде, 1761 жылы Юкатанда, 1767 жылы Мичоаканда үндістердің испан үстемдігіне қарсы ірі көтерілістері болды. Мексиканы отарлау барысында түрлі этникалық топтардың (еуропалықтар, үндістер, Африкадан әкелінген құл-негрлер) араласуы нәтижесінде 17 — 18 ғасырларда халықтың ортақ тілі мен діні қалыптасты. Отаршыларға қарсы жиі-жиі азаттық қозғалысы болып тұрды. 1810 жылы 16 қаңтарда діни қызметкер М.Идальго мен оның ізбасары Х.М. Морелос бастаған халық көтерілісі болды. Бірақ көтерілісшілер жеңіліске ұшырап, басшылары өлтірілді.
Көтерілістің нәтижесінде А.Итурбиде басқарған ұлт-азаттық күштер 1821 жылы 28 қыркүйекте Мехиконы азат етіп, Мексиканың тәуелсіздігі жарияланды. Бірақ елде азамат соғысы басталды. 1824 жылы қазан айында конгресс конституция қабылдап, Мексиканы республика деп жариялады. 1833 жылы өкімет басына келген А.Санта-Ана конституцияға тыйым салып, елде диктатура орнатты.
19 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Америка Құрама Штаттары Техасты отарлауға кірісті. 1846 жылы Америка Құрама Штаттары Мексикаға қарсы соғыс жариялады. Мексика жеңіліске ұшырап, өз жерінің жартысынан көбінен айырылып қалды.
1855 жылы Санта-Ана диктатурасы құлап, либералдық үкімет билікке келді. 1857 жылы жаңа конституция қабылданды.
19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезінде ел экономикасы дамыған елдерден көп артта қалды. Экономиканы негізінен шетел капиталы биледі. 1910 — 17 жылы төңкеріс нәтижесінде елде демократиялық өзгерістер болды. 2-дүниежүзілік соғыс барысында Мексика үкіметі бейтарап саясат ұстанатындығын мәлімдеді. Бірақ фашистік қауіптің күшеюіне байланысты, 1942 жылы мамырда антигитлерлік коалицияның құрамына енді. Соғыстан кейінгі кезеңде Мексикада экономиканы дамыту мен демократиялық бостандықтар, әлеуметтік құқықтарды кеңейту жолында бірқатар прогресшіл шаралар жүзеге асырылды.
Географиясы мен климаты thumb|left|Мексика, ғарыштан түсірілген сурет
Солтүстік Америкада құрлығының оңтүстігінде орналасқан Мексика, Орта Америка мемлекеттерінің ішінде ең үлкен аумақты алатын ел. Юкатан жартыаралы Мексика жерлерінің 12 %-ын құрайды. Мексика Юкатан жартыаралымен бірге Теуантепек қылтасының шығыс жағында орналасқан. Солтүстік жағында АҚШ-пен шекараласады. Шекара ұзандағы 3141 км. Оңтүстік жағында Гватемала (871 км) мен Белиз (251 км) орналасқан.
Аумағы бойынша Мексика бүкіл елдердің арасында 13-ші орын алады. Мексиканың жалпы аумағы 1 972 550 км², оның ішіне Тынық мұхитында, Мексика шығанағында және Кариб теңізінде орналасқан аралдар (ең ірі Гваделупа аралы) және Ревилья-Хихедо архипелагы кіреді. Жалпы аралдардың ауданы 6 мың км²-ге тең.
Мексика шығанағы Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс (Атлант мұхиты) жағалауындағы Флорида және Юкатан түбектері мен Куба аралының аралығындағы шағын теңіз. Ауданы 1555 мың километр квадрат, суының көл. 2332 мың километр куб. Миссисипи, Рио-Гранде тағы басқа өзендері құяды. Шығыста Флорида бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, оңтүстігінде Юкатан бұғазы арқылы Кариб теңізімен жалғасады. Тереңдігі 3822 метр. Солтүстік-батыс бөлігінде мұнайы мол кен орындары кездеседі. Климаты оңтүстігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік. Су айдынынан булану мөлшері (1000 — 1750 миллиметр), бұл жауын-шашын мөлшерінен артық (1000 — 1200 миллиметр). Жаз бен күзде дауыл жиі соғады. Су бетінің орташа температурасы жазда 29°С, тайыз бөлігінде 30 — 31°С; қыста 18 — 20°С. Беткі қабатының тұздығы 36,0 — 36,9‰. 2000 метр тереңдіктен астам жерлерінде суының температурасы (4,3°С) мен тұздығы (34,98‰) тұрақты. Кариб теңізіне қарай ағатын Юкатан ағысының жылдамдығы 50 — 200 сантиметр/секунд. Мексика шығанағынан ағып шығып Гольфстрим ағысының бастамасы болатын Флорида ағысының жылдамдығы 300 сантиметр/секундқа жетеді. Тәулігіне бір, кейде екі рет толысып отырады. Планктон Балық және теңіз жәндіктері, шаян, тасбақа ауланады. Негізгі порттары: Жаңа Орлеан (Америка Құрама Штаттары), Хьюстон (Америка Құрама Штаттары), Веракрус (Мексика), Гавана (Куба).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Әкімшілік бөлінуі Мексика 31 штатқа () және 1 федералдық аймаққа () бөлінген. Штаттар муниципалитеттерден () құралады. Әр штатта өзінің қабылдаған заңдары, заң жүйесі, басшалағы бар.
Мексиканың әкіімшілік бөлінуі center|560px № Федералдық аймақ Әкімшілік орталығы Аумағы,World Gazetteerкм² Халқы,City Population - Statistics & Maps of the Major Cities, Agglomerations & Administrative Divisions for all Countries of the World(2010) Тығыздығы,адам/км² 0 Мехико (Федералды аймақ) (Distrito Federal) Мехико (México) 1499 8 851 080 5904,66 1 Агуаскалиентес (Aguascalientes) Агуаскалиентес (Aguascalientes) 5589 1 184 996 212,02 2 Веракрус (Veracruz) Халапа-Энрикес (Xalapa-Enríquez) 72 815 7 643 194 104,97 3 Герреро (Guerrero) Чильпансинго (Chilpancingo de los Bravo) 63 749 3 388 768 53,16 4 Гуанахуато (Guanajuato) Гуанахуато (Guanajuato) 30 589 5 486 372 179,36 5 Дуранго (Durango) Виктория-де-Дуранго (Durango) 119 648 1 632 934 13,65 6 Идальго (Hidalgo) Пачука (Pachuca) 20 987 2 665 018 126,98 7 Кампече (Campeche) Сан-Франсиско-де-Кампече (San Francisco de Campeche) 51 833 822 441 15,87 8 Керетаро (Querétaro) Керетаро (Querétaro) 11 769 1 827 937 155,32 9 Кинтана-Роо (Quintana Roo) Четумаль (Chetumal) 50 350 1 325 578 26,33 10 Коауила (Coahuila) Сальтильо (Saltillo) 151 571 2 748 391 18,13 11 Колима (Colima) Колима (Colima) 5455 650 555 119,26 12 Мехико (штат) (México) Толука-де-Лердо (Toluca) 21 461 15 175 862 707,14 13 Мичоакан (Michoacán) Морелия (Morelia) 59 864 4 351 037 72,68 14 Морелос (Morelos) Куэрнавака (Cuernavaca) 4941 1 777 227 359,69 15 Наярит (Nayarit) Тепик (Tepic) 27 621 1 084 979 39,28 16 Нижняя Калифорния (Baja California) Мехикали (Mexicali) 70 113 3 155 070 45,00 17 Южная Нижняя Калифорния (Baja California Sur) Ла-Пас (La Paz) 73 677 637 026 8,65 18 Нуэво-Леон (Nuevo León) Монтеррей (Monterrey) 64 555 4 653 458 72,09 19 Оахака (Oaxaca) Оахака (Oaxaca) 95 364 3 801 962 39,87 20 Пуэбла (Puebla) Пуэбла-де-Сарагоса (Puebla) 33 919 5 779 829 170,40 21 Сакатекас(Zacatecas) Сакатекас (Zacatecas) 75 040 1 490 668 19,86 22 Сан-Луис-Потоси (San Luis Potosí) Сан-Луис-Потоси (San Luis Potosí) 62 848 2 585 518 41,14 23 Синалоа (Sinaloa) Кульякан (Culiacán) 58 092 2 767 761 47,64 24 Сонора (Sonora) Эрмосильо (Hermosillo) 184 934 2 662 480 14,40 25 Табаско (Tabasco) Вильяэрмоса (Villahermosa) 24 661 2 238 603 90,78 26 Тамаулипас (Tamaulipas) Сьюдад-Виктория (Ciudad Victoria) 79 829 3 268 554 40,94 27 Тласкала (Tlaxcala) Тласкала (Tlaxcala) 3914 1 169 936 298,91 28 Халиско (Jalisco) Гвадалахара (Guadalajara) 80 137 7 350 680 91,73 29 Чиуауа (Chihuahua) Чиуауа (Chihuahua) 247 087 3 406 465 13,79 30 Чьяпас (Chiapas) Тустла-Гутьеррес (Tuxtla Gutiérrez) 73 887 4 796 580 64,92 31 Юкатан (Yucatán) Мерида (Mérida) 39 340 1 955 577 49,71 <fhks5s 1 967 138 112 336 538 57,11
Табиғаты
Мексиканың көпшілік бөлігін Мексика таулы қыраты алып жатыр. Солтүстік-батысында таулы Калифорния түбегі, оңтүстігінде — Чьяпас және Оңтүстік Сьерра-Мадре тау тізбектері, оңтүстік-шығысында ойпатты Юкатан түбегі орналасқан. Мексиканың ең биік жері — Орисабо вулкан шоқысы (5700 метр). Жер қойнауынан түсті металдар (мыс, қорғасын, мырыш, күміс, сынап, сурьма, қалайы, вольфрам, алтын, тағы басқа) мен мұнай, газ, тас көмір, темір, уран өндіріледі. Мексиканың көпшілік бөлігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік климат белгілері басым. Қаңтардағы орташа температурасы 10 — 20°С-қа дейін жетеді. Шілдедегі орташа температура 15— 30°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстігінде 100 миллиметр батыс пен оңтүстігінде 3000 миллиметрге дейін жетеді. Негізгі ірі өзені — Рио-Браво-дель-Норте, ең үлкен көлі — Чапала. Өсімдіктердің 12 мыңға жуық түрлері кездеседі. Шөл және шөлейттік, оңтүстік мен оңтүстік-шығысында тропиктік, солтүстігінде аралас ормандар өседі. Жануарлар дүниесінен аю, қасқыр (койот), жанат, қызыл сілеусін, құмырсқа жегіш, тапир мен ягуар кездеседі. Негізгі ұлттық қорықтары: Каньон-дель-Рио-Бланко, Кумбресс-де-Монтеррей, Танситаро, Ла-Малинче.
Экономикасы Мексика — Латын Америкасындағы экономикасы дамыған елдердің бірі. Өнеркәсібінің маңызды салалары мұнай өңдеу, мұнай химиясы мен түсті металлургия. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да жақсы дамыған. Мексика мырыш, қорғасын, күкірт, сынап өндіру жөнінен дүниежүзінде алдыңғы ондыққа енеді. Басты ауыл шаруашылық дақылдары жүгері, бидай, күріш, мақта, қант құрағы, кофе, агава, көкөніс, цитрус жемістері, тағы басқа сиыр, қой өсіру дамыған. Экспортының негізін мұнай мен мұнай өнімдері, шикізаттар, түсті металдар, күміс, электр, Ауыл шаруашылық тауарлары, мақта, кофе және балық құрайды. Сырттан машиналар мен құрал-жабдықтар, темір, химия өнеркәсібінің өнімдерін, телебайланыс аспаптарын, электроника сатып алады. өлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 8120 Америка Құрама Штаттары долларына (1997) тең. Негізгі сауда серіктестері — Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Франция мен Бразилия.
Мексикалықтар