Болат Бекжанов (4 қараша, 1958 жыл, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылы) - журналист, жазушы. Ысты руынан шыққан.
Жұмыс баспалдағы Жамбыл мәдени-ағарту училищесін бітірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Еңбек жолын 1978 жылы Жамбыл облыстық Абай атындағы қазақ драма театрында актер болып бастаған. 1982 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық кеңшарының Мәдениет үйінің директоры, халық театрының режиссері болып қызмет еткен. 1989 жылдан Жамбыл облыстық телерадио комитетіне режиссер, редактор, аға редактор «Ақ жол» газетінде тілші «Шабыт» гуманитарлық-этнографиялық бірлестігінде ұйымдастырушы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінде баспасөз орталығының жетекшісі Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің әдеби қызметкері Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі — баспасөз жөніндегі хатшысы Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінде әдеби қызметкер болып қызмет еткен. Қазір Жамбыл облыстық «Ар-Ай» қоғамдық саяси және танымдық жастар газетінің Бас редакторы.
Шығармалары «Шымылдықтың арғы жағы» (1998) «Құс қанатындағы сағыныш» (2008) атты кітаптары жарық көрген. «Үйші» «Бестамнан жаяу барып, Берлинді алған» «Байғыз, Пәтес, Пәуескі» атты хикаяттары оқырманның ықыласына бөленген. 1998 жылы Жамбыл облыстық Абай атындағы Қазақ драма театрында «Шона-шоу» атты әзіл-сықақ спектаклі қойылған.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:4 қарашада туғандар Санат:1958 жылы туғандар Санат:Талас ауданында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Жамбыл облыстық қазақ драма театры тұлғалары