Атасу – Сарысу өзенінің сол жақ саласы.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы аумағымен ағады. Ұзындығы 177 км, су жиналатын алабы 5920 км2.

Бастауы Қызылту, Ұзынжал (Өзенжал) тауларындағы бұлақтардан бастау алып, Сарысуға құяды.

Гидрологиясы Негізгі салалары: Былқылдақ, Қарақоға, Қарқымбай, Исабек Қарасуы, Боранбай. Қар суымен толысады. Жазда ағыны тоқтап, жекелеген қарасуларға бөлініп қалады. Орташа жылдық су ағыны мөлшері 0,66 м3/с Қаражал қаласының тұсында Атасуға Қылыш бөгені салынған.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы