Жалғау — сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаулар сөздерге жалғанғанда жалғанатын сөзінің әуеніне қарай жалғанады,яғни сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады, яғни сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай немесе соңғы дыбысының қатаң, ұяң, үнді дауыссыз екендігіне қарай үндесіп отырады. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік жалғау тәуелдік жалғау септік жалғау жіктік жалғау.

Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, одан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

Дереккөздер

Санат:Лингвистика Санат:Морфология (лингвистика)