Еңістене бағдарланған бұрғылау. Өнімді қойнауқаттарды жобалы құжаттарда көрсетілген нүктелерде тесіп өту мақсатында шоқты бұрғылау ұңғымаларын немесе жекеленген ұңғымаларды еңіс бағытта бұрғылау. Еңіс бұрғылау себептері түрліше болуы мүмкін: геолгогиялық себептер (тектоникалық бұзылыстар өңіріндегі, немесе тұзды күмбездер астындағы өнімді қойнауқаттарды тесіп өту); беткейлік жағдайлардың күрделі болуы (кедір-бұдырлы жербедер, батпақ беткейлер, теңіз алаптары); қоршаған ортаны қорғау мақсатында (бұрғылауға бөлінген жерлер ауқымын мейілінше азайту, бұрғылау жұмыстарын орман алқаптарында да жүргізу тағы басқа); техникалық-технологиялық мәселелерді шешу мақсатында (бұрғылау барысында қиындықтар туғызуы мүмкін белдемдерді ескеру, лақтырмалар нәтижесін қалпына келтіру, ұңғыма оқпанының төменгі бөлігін қайтадан бұрғылау, қойнауқаттарды көп оқпанды ұңғымалар көмегімен тесіп өту тағы басқа); экономикалық себептер (кәсіпшілікті жабдықтауға қажетті қаржыны азайту, кенді игеру уақытын азайту тағы басқа). Синонимі — еңістенген ұңғымаларды бұрғылау.Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.

Дереккөздер

Санат:Мұнай және газ геологиясы Санат:Терминология