Шаңкөз – Қарқаралы таулы-орманды алқабының солтүстік-батыс сілеміндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерінде. Ең биік жері 1360 метр. Қарағайлы, қайынды орман және қына өсетін тау. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ұзындығы 15 км жерге созылып жатыр, ені — 5-7 км.
Жер бедері Беткейлері тауаралық аңғарлар, шатқалдармен тілімденген.
Геологиялық құрылымы Кейінгі тас көмір және пермь гранитоидтарынан түзілген.
Өсімдігі Қызыл коңыр топырағында қарағайлы, қарағайлы-қайынды орман, сондай-ақ тал, қына өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары