Омарғазы Оспанов (ҒазизПисатели Казахстана. Справочник. Алма-Ата, Жазушы, 1982, стр. 189) (8 қараша, Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Семияр стансасы, 1910-1986) - аудармашы.

1921 жылы сол жерде үш жылдық мектеп бітіріс молдадан қазақша (төте оқу) хат таныған. Техникум, рабфак, жоғары оқу орнына түсуге даярлық курстарынан кейін, ауыл шаруашылығы институтына түскен. Екі курсын бітіріп, газет жұмысына ауысқан.

1932 жылы Семей облыстық газетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі

1933 — 1935 жылдары Алматы облыстық газетінің,

1935— 1937 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты хатшысы болған. Осы кезден бастап көркем әдебиет аудармасымен айналысқан. 1942 жылы О.Оспановтың аударуына М.Горькийдің әңгімелері жеке кітап боп шыққан.

1943—1944 жж. Қазақ КСР Радио және телевизия хабарлары мемлекеттік комитетінің төрағасы

1957—1958 жж. Қазақстан кинематографистер одағының хатшысы

Кейінгі уақытта республикалық баспа орындарында қызмет істеген.

Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. А.Пушкиннің, М.Горькийдің, И.Тургеневтің, А.Новиков-Прибойдың, С.Айнидің, С.Залыгиннің, Д.Граниннің, И.Шуховтың көптеген шығармаларын қазақшалаған.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Марапаттары

Қызыл Жұлдыз (1943)

Отан соғысы (1985) ордендерімен,

«За трудовую доблесть» және тағы да басқа көптеген медальдармен, Құрмет граматосымен (1986) марапатталған.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жылҚазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:8 қарашада туғандар Санат:Бесқарағай ауданында туғандар Санат:1910 жылы туғандар Санат:1986 жылы қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қазақстан аудармашылары Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері