Болат Бодаубаев (26 наурыз 1940 жыл, Алматы) - жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Өмірбаяны 1963 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1962—1970 жылдары Республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы 1970—1974 жылдары бас редактордың орынбасары 1974—1976 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі 1976—1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы 1984—1986 жылдары республикалық «Жалын» баласының директоры 1986—1991 жылдары республикалық «Қазақкітап» сауда бірлестігінің бас директоры 1991—1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің кітап шығару және тарату жөніндегі Бас басқармасының бастығы 1994—1995 жылдары мемлекетаралық «Заман-Қазақстан» газетінің бас редакторы 1996—1997 жылдары Қазақстан Республикасы Сенаты Аппаратының Аударма, редакциялау және Парламент актілерін шығару бөлімі меңгерушісінің орынбасары 1997—2003 жылдары бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарып, зейнетке шыққан. Шығармалары «Жас жүректер» очерктер кітабы (1997) одан кейінгі жылдарда қазақ және орыс тілдерінде повестер мен әңгімелерден тұратын «Желсіз түнде жарық ай» (1980) «Дети одного дома» (1982) «Май жаңбыры» (1985), «Тайна старой тетради» (1988), «Қарт тергеушінің әңгімелері» (1991), «Смерть прокурора» (2000), «Таңдамалы» (2002) жинақтары жарық көрген.
Көркем аударма саласында көптен еңбек етіп келеді. Орыстың атақты классик жазушысы Н.Носовтың «Дымбілмес пен достарының хикаялары», «Дымбілмес Күн қаласында», «Дымбілместің Айға саяхаты» атты ертегі-романдарын, Юз.Алешковскийдің «Кіш, Қоспортфель және бір аптадағы оқиғалар», «Кіш екеуміз Қырымдамыз» атты повестерін қазақ тіліне аударған. 2002]жылдан бері бірнеше рет қайталанып басылған «Заң терминдері сөздігі» авторларының бірі. Жетістіктері ҚР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1971), Құрмет Грамоталарымен (1973, 1981), «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің жиырма жылдығы» медалі (1965), «Ерлік еңбегі үшін» медалі (1970) «Еңбектегі ерлігі үшін» (1971) медалі. Астана қаласындағы еңбегі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Астана» (1998), «Ерен еңбегі үшін» (2001) «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген (2007).Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:26 наурызда туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:1940 жылы туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Ерлік еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (КСРО) иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері