Ахметжан Қайбарұлы - (15 сәуір 1959 жылы ҚХР, Суар, Ерен-қабырға тауында дүниеге келген) - жазушы.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 1980- 1985 жылдары ҚХР Үрімші қаласындағы Шыңжаң университетінің әдебиет факультетінде білім алған. 1985—1993 жылдары осы университетте оқытушы, доцент. 1993—1994 жылдары ҚазМУ-дің филология факультетінде стажер, шығыстану факультетінде оқытушылық қызмет атқарды. 1994-1998 жылдары ҚазМҰУ-дың филология факультетінің аспирант және студенттерге шетелдегі қазақ әдебиеті тарихынан лекциялар оқыды.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Шығармалары Қазақ әдебиетінің оқулығы.»Жоғары мектеп», 1988; Қазақ әдебиетін оқыту құралдары. «Жастар», 1989-1990; Қытайдың ежелгі дәуір әдебиеті. «Шыңжаң университеті баспасы», 1997; Қытайдың қазіргі заман әдебиеті тарихы. «Жоғары оқу орындары баспасы», 1993; Қазақ ырымдары. А., «Қазақ энцикпопедиясы», 1998; Қазақ әдебиетінің тарихы. 2002.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қытай қазақтары Санат:Қазақстан әдебиеті Санат:1959 жылы туғандар