Дәмеш Берсүгірова (15 наурыз 1905 жыл, Жетісу губерниясы, Лепсі уезі Мұқаншы Садыр болысы (қазіргі Алматы облысы, Сарқан ауданы, Бақалы ауылы - 1984 жыл) - ақын.

Жеті жасыңда атасынан ескіше сауат ашып, арабша хат таныған. 1920 жылы Алматы қаласында қазақ-қырғыз жастарынан оқытушылар даярлайтын курста оқыған. 1921 жылдан бастап ауылдағы мәдени-ағарту жұмысына белсене қатынасады, комсомол ұйымының хатшысы, әйелдер бөлімінің жетекшісі сияқты қоғамдық қызметтер атқарады. Көп жылдар бойы мектептерде ұстаздық қызметте болған. Тұңғыш ақындық қадамын өзі жетекші болған көркемөнерпаздар үйірмесінде ұсақ тақпақтар, шағын пьесалар, «Тілші» газетіне мақалалар жазудан бастаған. Шығармалары «Қоңыр жорға» (1929) «Меңді-қыз» «Жауынгер ұлыма» (1942) атты көлемді туындылары бар. Қоңыр жорға. А., «Жазушы», 1961; Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1974; Ағады Ақсу. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1979]Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:15 наурызда туғандар Санат:1905 жылы туғандар Санат:Сарқан ауданында туғандар Санат:1984 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан әйелдері