Басқарудың командалық әдісі () — ракетаның ұшуын баскаратын белгілердің (команда) оның бортына жердегі қондырғыдан (командалық пункттен) берілетін, ракетаны нысанаға бағыттау әдістерінің бірі. Берілген команда нәтижесінде орындаушы механизмдер жұмыс істейді де, ол ракета белгіленген бағытпен ұшады. Басқарудың командалық әдісінде ракетаның ұшуы да, нысананың қозғалысы да қатар бақыланады. Ракета мен нысананың орналасуы (координаттар) радиолокациялық станция арқылы анықталады. Бұл әдісті сондай-ақ телебасқару деп те атайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс