Дистрофия, нәрсіздену ( — бұзылыс, trophe - қоректену)А.И. Струков, В.В. Серов. Патологическая анатомия. - Москва, 1995г. — Зат алмасуының бұзылуына байланысты туындайтын жасушалар мен тіндердегі сапасы мен саны жағынан өзгерген зат алмасу өнімдері пайда болуы және жинақталуымен сипатталатын дерттік үрдіс. Балалардың тамақтануының ұзақ уақыт бұзылуынан туындайтын, бойының өсуі мен дене дамуының кешеуілдеуімен, ағза қарсыласуының төмендеуімен сипатталатын дерттік жағдай.О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Морфогенез Дистрофияға тән өзгерістерді дамытатын морфогенездік механизмдер мыналар: инфильтрация, декомпозиция, бұрмаланған синтез және трансформацияА.И. Струков, В.В. Серов. Патологиялық анатомия. - Мәскеу, 2013ж. 70б... Инфильтрация - заталмасулық өнімдердің қаннан және лимфадан жасушаларға немесе жасушааралық затқа тым артық мөлшерде өтіп, кейін ол өнімдердің зат алмасуына араласатын ферменттер жүйесінің жеткіліксіздігінен қордалануы. Ірі дисперсиялы белоктардың бүйректің проксимал өзекшелерінің эпителийіне инфильтрациясы, атеросклерозға шалдыққанда қолқа мен ірі артериялардың интимасына холестерин мен оның эфирлерінің және липопротеидтердің жиналуы осыған мысал бола алады. Декомпозиция - жасушалардың және жасушааралық заттың ультрақұрылымдарының ыдырауынан, тіннің (жасушаның) метаболизмі бұзылып, тінде (жасушада) зат алмасуы бұзылуынан өзгерген өнімдердің жиналуы. Дифтерия токсинімен уланғанда кардиомиоциттерде дамитын майлы дистрофияның , ревматизмдік аурулар тобына тән дәнекер тіннің фибриноидты дистрофиясының механизмі осындай. Бұрмаланған синтез - жасушалар мен тіндерде қалыпты жағдайда кездеспейтін заттардың синтезделуі. Осы механизмге: жасушаларды амилоидтың аномальды белогы мен жасушааралық затта амилоидтың аномальдық белокты-полисахаридті кешендерінің синтезделуі; гепатоциттерде алкогольдық гиалин белогының синтезделуі; қант диабетімен ауырғанда нефронның тар сегментінің эпителийінде гликогеннің синтезделуі жатады. Трансформация - белоктарды, майларды және көмірсуларды түзуге жұмсалатын ортақ өнімдерден зат алмасудың белгілі бір түріне тән өнімнің түзілуі. Майлар мен көмірсулардың белоктарға трансформациясы, глюкозаның гликогенге полимерленуі, т.б. осы механизмге мысал бола алады.
Дистрофилардың жіктелісі Дистрофиялардың жіктелісі бірнеше қағидатқа негізделеді. Морфологиялық өзгерістердің паренхиманы, строманы немесе қан тамырларының арнайы элементтерін басым қамтуына қарай паренхималық мезенхималық аралас Алмасуы басым өзгеретін затына қарай белокты майлы көмірсулы минералды Генетикалық факторлардың әсеріне сәйкес жүре пайда болған тұқым қуалайтын Дистрофияның ауқымына қарай жалпы жергілікті
Дереккөздер
Санат:Патологиялық процесстер Санат:Аштық