Барлау алқабы () — бірлестіктердің (құрамалардың, бөлімдердің) күштерімен және құралдарымен барлау жүргізілетін оң және сол жақтары шектеуші сызықтармен шектелген қарсыластың орналасқан орындарындағы жергілікті жер жолағы. Әдетте, барлау алқабы бірлестіктердің (құрамалардың, бөлімдердің) ұрыстық қимылдар алқабы енінен, ал терендігі бойынша оның жауынгерлік міндет терендігінен кем болмауы керек.
Барлау жасағы Қарсылас туралы, шабуылда қолайлы және жорықтағы бетпе-бет ұрысты болжауда жергілікті жер туралы мөліметтер алу үшін жалпы әскери құрамадан (бөлімнен) аса маңызды бағытка жіберілетін тактикалық барлау органы. Қорғаныста қарсыласпен тікелей түйісулер болмаған кезде барлау жасағы жіберіледі. Әдетте, барлау жасағы құрамына мотоатқыштар (танк, барлаушы, парашют-десанттық) роталар немесе танк, артиллерия, саперлермен және т.б. мамандармен күшейтілген мотоатқыштар (танк) батальондары кіреді. Ол барлаушы шолғындарды жібереді. Барлау жасағы бакылау, жергілікті жерді байқау, торуылдау, ал қажет болған жағдайда ұрыс аркылы барлау жүргізеді.
Барлау және нысана көрсету станциясы Әуе нысаналарын (ұшақтарды, тікұшақтарды, қанатты ракеталарды) табу және зениттік ракеталар әскері мен зениттік артиллерия батареяларына нысананы көрсетуге арналған радиолокациялық станция. Барлау және нысана көрсету станциясы жер үсті, кемелік және әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінде қолданынады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс