Омарлар (теңіз шаяндары) – өлшемдері 20-дан 40 см-ге дейін, салмағы — 0,5 кг болатын теңіз жәндіктері. Қазіргі заманда арнаулы тоғандарда қолдан да өсіріледі. Еті көптеген салқын тағамдарға, салаттарға, көжелер мен екінші (француз аспаздығында) тағамдарға қосылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Жіктелуі Омарлар екі топқа бөлінеді, олар – кәдімгі омарлар және лангусттар. Кәдімгі омарлардың қысқыш тәрізді тырнақтары және денелерінің ұшында үлкен жұпталған қосымшасы болады. Кәдімгі омарлардың көптеген түрлері бар. Америкалық омар және еуропалық омар – осы кәдімгі омарлардың ең кең тараған екі түрі. Лангусттардың үлкен алдыңғы тырнақтары болмайды. Оның орнына көздерінің үстіңгі жақтарында қос мүйізі болады.
Дереккөздер
Санат:Онаяқты шаяндар