Мемлекеттік жәрдемақы — мемлекеттік бюджеттің немесе арнаулы қорлардың есебінен заңнамаға сәйкес төленетін жәрдемақы. Жәрдемақының кейбір түрлерінің мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда әрбір жылға арналып белгіленеді. Жәрдемақыға салық салынбайды. Студенттерге берілетін шәкіртақы, мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы, асыраушысынан айырылуына байланысты төленетін жәрдемақы, жерлеуге арналған жәрдемақы, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен берілетін материалдық көмек, т. б. түрлерге бөлінеді.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер

Санат:Экономика Санат:Қаржы

de:Sozialsystem en:Social welfare provision ru:Государственное пособие