Шілік — Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл, Шілік ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шәуілдір ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен15901603 1647 102,7 783 861 110 820 786 95,9

Тарихы 1976 жылы Қызылқұм ауданаралық арнайы шаруашылық бірлестігінің орталығы болды. Оның негізінде қазір бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, аурухана жұмыс істейді. Қазіргі кезде Шілікте жаңадан мектеп салынды (салдырған - Серікжан Сейтжанов). Сондай ақ Шіліктен Мұхтар Шаханов, Әселхан Қалыбекова секілді Қазақстанға белгілі адамдар шыққан.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Дереккөздер

Санат:Отырар ауданы елді мекендері