Тұшпара сауыты — тұшпара дайындауды жылдамдату үшін жасалған арнаулы аспап. Металдан немесе пластмассадан қалындығы 2 см-дей, бетінде жартылай домалақ немесе алты бұрышты тесікгер ойылған домалақ бетаер. Тесіктер шеттері көтеріңкі болады. Осы бетке қамыр жаймасынсалып, тесіктердің үстіне ет турамаларын салады да үстіне екінші қамыр жаймасымен жабады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Дереккөздер