Орақтұмсық () – татреңтәрізділер отряды, қарала балшықшылар тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньнің биік таулы беткейлерінде, Іле Алатауының Үлкен және Кіші шатқалында, Шелек, Асы, Қаражар және Қарқара өзендерінің жоғарғы ағысында кездеседі. Дене тұрқы 41 см, салмағы 300 г-дай, қанатының ұзындығы 22 – 25 см. Арқасы және жемсауы сұрғылт келеді, кеудесінде қара жолағы бар. Орақ тәрізді имек тұмсығы мен аяқтары қызыл түсті. Орақтұмсық – отырықшы құс. Жеке жұптары ұсақ тастар арасына шұңқырлап ұя салады. 3 – 4 жұмыртқаны мекиені мен қоразы кезектесіп басып, балапандарын да бірігіп өргізеді. Негізінен ұсақ балықтармен және әр түрлі омыртқасыздармен қоректенеді. Орақтұмсықтың жылдан жылға саны азаюда, Алматы хайуанаттар паркінде 4 жұбы қорғалады. Өте сирек кездесетін құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том; Красная книга Казахстана, 3 изд., А., 1996.
Дереккөздер
Санат:Татреңтәрізділер