Минасыздандыру (Разминироваиие) — жарылғыш-миналы бөгеттерді, миналар мен басқа да жарылу каупі бар заттарды тауып, залалсыздандыру және алып тастау не жойып жіберу шараларының жиынтығы. Оны инженерлік немесе арнайы дайындалған бөлімшелер жүргізеді. Барлау мен Минасыздандыруғa арналған бөлімшелер мина тапқыштармен, істіктермен, миналанған жерді не табылған миналарды залалсыздандыруға, алып тастауға, жәйып жіберуге, белгілеуге арналған құралдармен жабдықталады. Минасыздандыру және миналанған өңірлерді белгілеу әскердің ұрыс әрекеттерін табысты жүргізуіне зор ықпалын тигізеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс