Бағдарлардың сызбасы () — бағдарлар ретінде тағайындалған жергілікті жер заттары бейнеленген жауынгерлік құжат. Бағдарлар оңнан солға және шеп бойынша — өзінен қарсылас жағына қарай көрсетіледі және нөмірленеді. Жоғары бастық анықтаған бағдарлар нөмірі өзгертілмейді. Әрбір бағдарға өз атаулары беріледі және оған дейінгі қашықтық көрсетіледі. Бағдарлардың сызбасы бөлімшелерге тапсырмалар беруді, өзара әрекеттестікті ұйымдастыруды, нысананы көрсетуді, атыс жүргізуді жеңілдетеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс