Құрманбаева Зағи (1.6. 1903, Қарасай ауданы - 14.7.1975, Алматы қаласы) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1945). Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 1932 ж.

Қазақ драма театрының (Алматы) құрамына қабылданды. Осы театр сахнасында алғашқы ойнаған рөлі — І. Жансүгіровтің "Кегіндегі" Үндемес. Ол — қазақ сахнасында негізінен аналар бейнесінің галереясын жасаған, өткір мінезді, тұрмыстық жанрдағы актер. Негізгі рөлдері:

Ділда, Аналық, Зере (М.Әуезовтің "Түнгі сарыны", "Қара қыпшақ Қобыланды" және "Абайында" (соңғысы инсценировка бойынша), Дәмелі, Күнікей (Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері— Ақтоқтысы" мен "Қозы Көрпеш-Баян сұлуында"), Рабиға (Ә.Әбішевтің "Бір семьясында"), т.б. 1957 жылдан киноға түскен. Қазақ драма театрында 1959 жылға дейін қызмет етті.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тұлғалары