Үлгі сабағы - үлгілі іс-қимылдар мен оқу-үйрету әдістемелерін көрсету мақсатында жүргізілетін оқу сабақтарының түрі. ҚР Қарулы күштерінде үлгі сабағы әдетте командирлік дайындық жүйесінде көптеген пөндерді оқу кезінде ұйымдастырылып, жүргізіледі. Мысалы, Құрлық әскерлеріндегі үлгі сабағында жеке құрамның, экипаждардың (есеп топтардың) қару-жарақ пен әскери техниканы басқару және оларды ұрыста қолдану жөніндегі іс-қимылдары, атыс және атысты басқару тәсілдері, ұрыс машиналарын жүргізу, саптық, дене шынықтыру, арнайы дайындық тәсілдері, сабақта оқу-материалдық базаларын пайдалану, оқу сұрақтарын игеру кезіндегі командирлердің (пән жетекшілері) жұмыстарының әдістері кәрсетілуі мүмкін. Қарулы күштердің басқа түрлерінде үлгі сабағы олардың ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Әскери оқу орындарында сонымен қатар, ашық сабақтар (топтық сабақтар, семинарлар, лекциялар) еткізіледі, онда сабақты өткізу әдістемелері кәрсетіледі, соңынан талдау жасалады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс