Қарашоқы — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл, Қарашоқы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 27 км-дей жерде, Қарашоқы тауының баурайында жусан, изен, бұйырғын, баялыш басым өскен шөлейтті белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен25591860 1942 104,4 956 986 103,1 904 956 105,8

Тарихы Ауыл 1954-1997 жылдары "Қарашоқы" қой кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Қарашоқыда 1997 жылдан "Қарашоқы" өңдірістік кооперативі, 28 шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар.Жетісу энциклопедиясы. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Кербұлақ ауданы елді мекендері