Шалқар – Есіл алабындағы тұзды көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Шалқар ауылының солтүстік-батысына қарай 7 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 309,7 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 35,5 км2, ұзындығы 15,0 км, су айдынының көлемі 267,0 млн. м3, су жинайтын алабы 209 км2. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Су деңгейінің жылдық ауытқуы 0,5-0,6 м. 1930-1960 жылдар аралығында су деңгейі біртіндеп түскен. Суының минералдылығы көктемгі толығуынан кейін 3,5-4,0 г/л, жазда 4,5-5,0 г/л-ге жетеді.

Жағалау сипаты Шоқылар арасындағы аңғардағы көл қазаншұңқырында жатыр. Оңтүстік жағалауы көктеректі-қайынды шоқ тоғайлармен көмкерілген, жағаның қалған бөлігі ашық. Су жинайтын алабының 30%-ы жыртылған, кей бөлігіне бетеге-боз өскен. Көлге 5 кішкене өзен құяды. Көл айдыны ашық, түбі жайпақ, ортасына қарай әлсіз еңісті, құмды-тасты, жағалауына таман аздап лайлы. Оңтүстік жағасы биіктігі 8 м жарқабақты, қалған бөліктері жайпақ, қабақтарының биіктігі 3-4 м. Суы мал суаруға және Айыртау, Шалқар елді мекендерінің шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Айыртау ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері