Ақай Нүсіпбеков ауылы (2010 жылға дейін – Кіші Жалаңаш)Алматы облысындағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауларын өзгерту туралы — Алматы облысы Кеген ауданындағы ауыл, Қарабұлақ ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Кеген ауылынан батысқа қарай 125 км-дей жерде, Күнгей Алатауының солтүстік етегінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен7349001510 167,8 478 783 163,8 422 727 172,3
Тарихы Алғаш "Төшке", кейіннен 2010 - жылға дейін "Кіші Жалаңаш" аталған. 1930-97 жылдары сүт-картоп өндіретін "Көлбастау" ұжымшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Кіші Жалаңашта және округке қарасты Қарабұлақ ауылында 157 шаруа қожалығы құрылды.
Инфрақұрылымы Ауылдарда 2 орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, 2-мешіт, дәрігерлік емхана , байланыс белімшесі бар. Кіші Жалаңаш ауылында 2-дүние жүзілік соғыста қаза тапқан жерлестерге ескерткіш, 1941-1945 жылдардағы тыл ардагерлеріне арналған ескерткіш, мектеп ғимараты алдында Академик Ақай Нүсіпбековке ескерткіш орнатылды. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Кеген ауданы елді мекендері