Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәліметтері әскерлерді тиеу немесе түсіру пункттерінің орналасқан жерін, мамандануын, қуатын және (немесе) өткізу қабілетін, оларға азықтүлік, медициналық-санитариялык жағынан қызмет көрсету туралы деректерді ашатын мәліметтер;

Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда азаматтық қорғаныс күштерінің немесе құралдарының жайкүйін ашатын мәліметтер қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтык өнімге арналған құжаттаманың, сондайақ катері жогары, халықтың тіршілік ету жүйелерін қамтамасыз ететін объектілерге және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалык. құжаттаманың сақтандыру қорының жасалуы мен сақталуын сипаттайтын мәліметтер, түтас алганда Қазақстан Республикасы бойынша құжаттаманың сақтандыру қорын сактау объектілерін (базаларын) орналастыру туралы мәліметтер; елді қорғау мүдделерінде пайдаланылуы мүмкін кен қазу орындары, табиғи үңгірлер, метрополитендер немесе басқа да ғимараттар туралы мәліметтер, сондайақ 300 мың адамнан астам тұрғындары бар қалаларды сумен жабдықтаудың, темір жол тораптарының, стратегиялық және қорғаныстық маңызы бар объектілердің және (немесе) оларды сумен жабдықтайтын су кұбырларының бас гимараттарының орналасу схемаларын ашатын мәліметтер; қару-жарақты, әскери техниканы жасауга, өндіруге және (немесе) пайдалануға жағдай туғызатын, олардың күзетілетін параметрлерін ашатын физикалыкхимиялық құбылыстар (әрістер) туралы мәліметтер; атом-энергетикалық кешені объектілерін жобалау, салу, пайдалану немесе олардың қауіпсіздігін камтамасыз ету туралы мәліметтер.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс