Радиомен басқарылатын ракеталар — ұшу траекториясы жерде, кемеде немесе ұшақта орналасқан басқару пунктінен радио арқылы түскен пәрмендік сигналдар арқылы басқарылатын ракета. Берілген пәрмендер ракетаның құрылысындағы қабылдағышы арқылы қабылданып, қайтадан өңделген соң, пәрмендік сигналдар басқару органдарының атқарушы жүйелерінің жұмысын басқарады. Атқарушы жүйе ретінде электр, гидравликалық және пневматикалық қозғалтқыштар, сондай-ақ электрмагннттер қолданылуы мүмкін.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс