Жігер футбол клубы — Шымкент қаласындағы футбол клубы. 1949 жылы құрылып, 60-жылдардан бастап "Мелиоратор" деген атпен біраз жыл КСРО чемпионатының екінші лигасының сегізінші аймағында ойнады. Тарихы Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 9 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді. 2000 жылы маусым ортасында клуб қаржы жағдайына байланысты тарап кетіп, "Томирис" клубымен қосылып, жаңадан "Ордабасы" клубы құрылды.
Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты 1995 — 12:1 («Мұнайшы», Ақтау)
Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты 1996 — 0:6 («Ертіс», Павлодар) 1999 — 0:6 («Аксесс-Есіл», Көкшетау)
Клуб атауларының тарихы «Динамо» (1949-1959) «Еңбек» (1960) «Металлург» (1961-1980) «Мелиоратор» (1981-1992) «Жігер» (1992-2000)
Жетістіктері Қазақстанның қола жүлдегері (1): 1994
Санат:Қазақстан футбол клубтары Санат:Шымкент футбол клубтары Санат:Алфавит бойынша футбол клубтары Санат:Жігер ФК Санат:1949 жылы құрылған футбол клубтары Санат:2000 жылы жабылған футбол клубтары Санат:Шымкент спорт клубтары