Ғұсман Елеуұлы Жандыбаев (25.3.1944 жыл, ҚХР, Шағантоғай ауданы) - ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1978).
Өмірбаяны Алматы ауыл шаруашылығы техникумын (1963), ҚазПИ-ді (1971) бітірген. 1965-1982 жылдары Алакөл, Қапал ауданы мектептерде мүғалім болды. 1982-1985 жылдары Қазақ теледидары әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясында жұмыс істеді 1985-1987 жылдары Мектеп баспасында жұмыс істеді 1987-1992 жылдары "Жазушы" баспасында жұмыс істеді 1992-2002 жылдары "Шабыт", "Рауан", "Білім" баспаларында, "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясында жұмыс істеді. 2002 жылдан "Жазушы" баспасында жұмыс істейді.
Шығармашылығы "Асыл жандар" (1970), "Жасыл жондар" (1974), "Зеңтір аспан" (1978), "Қыр қызғалдақтары" (1981), "Көкорай" (1984), "Сөз мәйегі" (1998), "Ақ теңізден бір тамшы" (2001), "Сөуірде туған ақ сәуле" (2003), т.б. кітаптары жарық көрген.
Аудармалары А.Вознесенскийдің «Ор» поэмасы Б.Брехттің лирикалары К.Бобошконың «Аңыздан ғажап ақиқат» ғылыми-танымдық кітабы Борис Пастернактың, басқа да орыс, неміс, өзбек, татар, қырғыз ақындарының өлеңдерін аударды.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жылҚазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:25 наурызда туғандар Санат:1944 жылы туғандар Санат:Шыңжаңда туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан аудармашылары