Жұматай Сағадиұлы Жақыпбаев (30.1.1945, Ескелді ауданы, Ешкіөлмес ауылы — 16.9.1990, Алматы қаласы) — ақын.
Өмірбаяны 1961 жылы Ескелді ауданындағы Жетісу орта мектебін бітірген 1967 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Талдықорған облысы "Октябрь туы" газетінде Талдықорған облыстық радиосында "Жалын" баспасында "Жалын" журналында Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген.
Шығармашылығы Ақын қазақ өлеңіне нәзік те сырбаз сезімге, сырлы сөздерге толы, әсем нақышпен өрнектелген қанық бояулы жырлар әкелді.
Жұматай поэзиясы - тіршіліктің ұдайғы сұлу қозғалысы іспетті серпінді, ықшам, әсерлі, нәрлі, қызу, қымбат.
Ақын Ибрагим Исаев Жұматай шайырдың поэзиясына: "Сырқат жүректі сауықтыратын жырлар" деп орынды баға берген.Қазақ әдебиеті, 11 сынып оқулығы
"Саратан" (1979) "Ләйлә (1981) "Шұғынық-гүл төркіні (1988) жыр жинақтарында туған жердің көркем табиғатын махаббатты, сұлулықты тебірене жырлады. Ақын дүние салған соң жарық көрген "Көктемгі хаттар" (1992) өлендер жинағы оқырман қауымның жылы ілтипатына ие болды.
Ақынға құрмет Ескелді ауданы Сырымбет ауылындағы орта мектепке Жақыпбаев есімі берілген.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:30 қаңтарда туғандар Санат:1945 жылы туғандар Санат:Ескелді ауданында туғандар Санат:16 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1990 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері