Бірлік — Алматы облысы Балқаш ауданындағы ауыл, Бірлік ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Бақанас ауылының оңтүстік-шығысына карай 57 км жерде орналасқан. Ақдала жазығыңда шөлейт, қуаң агроклиматтық белдеуде жатыр. Іле өзенінің аңғарына жақын бөлігінде қамыс, құрақ, құмды жерлерінде ши аралас жусан, көде, бетеге, боз, селеу, т.б. шөптер өседі.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен19202205 1873 84,9 1097 937 85,4 1108 936 84,5
Ауылда шаруа (фермер) қожалықтары жұмыс істейді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Балқаш ауданы елді мекендері