Ядролық жарылыс түрлері (Виды ядерных взрывов) — ядролық соққы арқылы орындалатын міндеттер мен объектінің сипатына байланысты ядролық жарылыс әуеде, жер үстінде, жер астында, су үстінде және су астында жүргізілуі мүмкін. Осыған сәйкес жер үсті әуе, биіктікті, су үсті, су асты және жер асты жарылыстары болып бөлінеді. Ядролық жарылыс кезінде байқалатын құбылыстар көп жағдайда жарылыс түріне байланысты болады. Ядролық жарылыстың әрбір түрінің басты ерекшеліктерінің бірі — жергілікті жердің радиоактивтік зақымдалу дәрежесі. Мысалы, әуедегі жарылыс кезінде жарылыс эпицентрі ауданындағы жергілікті жерге радиоактивтік зақымдану қаупі төнеді. Ал жер үсті және жер асты жарылысы ядролық жарылыс ауданындағы жергілікті жердің және сондай-ақ радиоактивті бұлттың өту жолындағы жердің едәуір бөлігін зақымдайды. Ядролық жарылыстың белгілі бір немесе басқа түрінің қолданылуы оны зақымдаудың ерекшелігіне, зақымдалатын объектінің сипатына және оны зақымдаудың талап етілетін дәрежесіне, сонымен бірге жергілікті жерді радиоактивті зақымдаудың қажетті шамасына және рауалы ауқымына қарай анықталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс Санат:Ядролық қару Санат:Жаппай қырып жою қарулары