right|thumb| alt=A.|130 px|"Құнан қымыз"
Құнан қымыз — үш тәулік бойы ашытылған қымыз. Саумал ішпейтіндерге осы берілген. Ас пен тойларға, ұзақ отырыстар үшін дачрланған. Дөнен қымыз — төрт тәулік бойы ашытылған қымыз. Бесті қымыз — бес тәулік бойы ашытылған қымыз. Саумал — баяу ашыған немесе ащы қымызға жаңа сауылған бие сүтін қосып пісу арқылы жұмсартылған қымыз — қарттар мен балаларға арналып дайындалады. Қысырдың қымызы — жазда қысыр қалған, бірақ тайы еміп жүрген бие сүтінен ашытылған қымыз; қыс айларында сырқат немесе өте сыйлы қонаққа арнап әзірлейді. Қорабалы қымыз — бірнеше күн жиналған мол қымыз; қордың үстіне сүт құйып жинайды, оны қорланған қымыз деп атайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Құнан қымыз – ашытылу ерекшелігіне сай аталған, яғни, жуас қымыз түрі. Ашыған соң екі–үш күн шамасында үстіне сүт құйылмай жеке сақталған болып келеді. Қандай жағдайға байланысты ішілетініне сай қымыз түрлері ашытылып, бапталу және сақталу әдісімен ерекшеленеді. Мәселен, көп адам қатысатын той–мерекелерге арнап ашытқан қымызды 4–5 күн бойы ұстап отырады. Ондай сақтау– жиналғандардың көңілін көтеру мақсатында қымыздың қуатын арттыра түсі үшін қолданылады. Мұндай күйге түскен қымыз бесті қымыз немесе асау қымыз деп аталады. Қ.қ.– әдетте, ауыл адамдарына күнделікті ішуге арналып әзірленетін қымыздың «ақыра» қоймаған түрі. Оның «жуас қымыз» деп те аталатындығы сондықтан.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия.– Алматы: РПК «Слон», 2013.–« (иллюстрацияланған)
Дереккөздер