Қоршаудағы ұрыс () — қарсылас әскер айналасына қоршау майданын жасаған жағдайда жүргізілетін ұрыс түрі. Қорғаныстағы әскерлер тылына әye немесе теңіз десантын түсіруден кейін қаптал немесе көршілес алқап корғанысын қарсылас бұзып өту нәтижесінде; шегіну кезінде — қарсылас әскерінің жылжу қарқыны шегінген әскердің қаркынан жоғары болса; шабуылда — бөлімше, бәлім, құрамалар қимылдары басты күштерден айырылған кезде, бетпе-бет ұрыс нәтижесінде болуы мүмкін. Қоршаудағы ұрыс нәтижесінің шешуші мәні командирлердің ұстамдылығы, бастамасы, батылдығы, әскерлердің табандылығы және жігерлігі, қимылдың кенеттігі мен белсенділігі, атыс, күш және құралдармен өнерлі маневр жасуына байланысты.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс