Қою шырын - қантты суда қосып қайнатылған ерітінді. Олардың қоюлығы әр түрлі болуы мүмкін. Тұрмыста қою шырын деп осы ерітіндіге әр түрлі жеміс-жидек шырындары қосылған өнімді айтады. Бірақ қайнату кезінде табиғи жеміс-жидек шырындарының түсі өзгеретін болғандықтан мұндай ерітінділерге арнаулы бояғыштар қосылады. Қою шырындар қамырдан дайындалатын кондитер өнімдеріне тәтті дәм беру үшін, қайнатылған жемістерге тәтті құйма дайындауда, десертті жарма тағамдарына қоспа ретінде қолданылады. Мұндай ерітінділердің ұзақ мерзімде сақталынатын қасиеті болғандықтан, кондитер ісінде, аспаздықта қолдануға ыңғайлы жартылай дайын өнім.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1

Дереккөздер