Топографиялық қамтамасыз ету (Топографическое обеспечение) — жауынгерлік міндетті орындау мақсатында ұрысқа дайындық пен әскердің ұрыс қимылдарын ұйымдастыруға қажеггі жергілікті жер туралы мәліметтер мен материалдарды зерттеу, багалау мен колдану шараларының жүйесі. Топографиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеті: топографиялық және арнаулы карталар жасап, онымен әскерлерді үздіксіз қамтамасыз ету; жергілікті жерді топографиялық барлау, геодезиялық торларды дамыту, бастапқы геодезиялық мәліметтерді артиллерия атысын жүргізу мен ракетаны ұшыруға дайындау; фотокарталар мен өзге фотоқұжаттарды дайындау, әскерді топографиялық дайындау; кейбір арнаулы жұмыстарды орындау.Әскерді топографиялық қамтамасыз ету — әскери-топографиялық кызметтің маңызды міндеттерінің бірі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс