Мағрипа Салахадинқызы Жақиева (1949 жылы туған, қазіргі Атырау облысы Теңіз ауданы Қошалақ ауылы) – мейірбике, Қазақстанға еңбек сіңірген денсаулық сақтау ісінің қызметкері. Гурьев (қазіргі Атырау) медицина училищесін бітірген (1968). 1968 жылдан Ақтау қалалық емханасында мейірбике болып жұмыс жасайды. Қазақ КСР-і «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:1949 жылы туғандар