Копенгаген ( []Сонымен қатар деген нұсқасы бар / [кхөбэнха́ў’н], 1906 ж. дейін KjøbenhavnHvornår blev Kjøbenhavn til København?, ескідат тілінде Køpmannæhafn — «саудагерлер айлағы», ) — Дания елінің астанасы, әрі ең ірі қаласы. Зеландия, Слотсхольмен және Амагер аралдарында орналасқан. Халық саны — 518 574. Қаланың бір бөлігі Христианияның Еркін қаласы өзі жариялаған жеке билікте.
Тарихы XII ғасырда Копенгагеннің қазіргі орнында кішкентай ғана Хавн ауылы болған. Епископ Абсалон 1167 жылы ауыл ішінде қамал салып ірі қалаға айналдырады. 1254 жылы Копенгаген қала артықшылығына ие болды. 1416 жылы Эрик Померанский Копенгагенді жаулап алып, 1433 жылы оны өзінің резиденциясы етеді.Брокгауз бен Ефронның энциклопедиялық сөздігі
Граф соғысы кезінде Копенгаген қаласы қоршауға алынады, ал 1658-1659 жылдары шведтердің шабуылынан аман қалады.
1728 жылы Копенгаген өртінің салдарынан төрттен аса қала құрылысы жойылды.
1807 жылы алты жыл бұрын болған атақты теңіз баталиясынан кейін Копенгаген ағылшындардың бомбалауының салдарынан күйреудің аз-ақ алдында қалды.
Цитадель мен ескі қорғандар ғана сақталған бұл елді-мекендердің тез дамып келе жатқанын соңғы уақытта олардың қаламен бірігу үрдісін жиілегенін (Вестербро, Неребро и Эстербро) айтсақ болады. Сонымер қатар, тұрмыстық деңгейде бүгінде қаламен бірігіп үлгерген батыстағы Фредериксберг (46 954 тұрғын), солтүстік-батыстағы Утерслав (2596 тұрғын) және Амагере аралындағы Зундбьерне (13310 тұрғын) елді-мекендері бар.
Monocle журналының жасаған рейтингісі бойынша, өмір сүруге ең қолайлы қалалар тізімінде Копенгаген бірінші орынға ие болды.
Әкімшілік бөлінуі Қалалық аумақтарӨзге аудандар Индре Би (Қала орталығы) Эстербро Нёрребро Вестербро Вальбю Ванлёсе Брёнсхёй-Хусум Биспебъерг Амагер Эст Амагер Вест Фредериксберг (Қала ішіндегі қала) Христианияның Еркін қаласы Тинбъерг Эрестад
Климаты Қала климаты қоңыржай. Теңіз маңында орналасқан қала жыл бойына температуралық тұрақсыздыққа тап болады. Жазы салқын, қысы жұмсақ.
Дереккөздер
Санат:Еуропа елордалары Санат:Копенгаген Санат:Миллионер қалалар Санат:Балтық теңізі айлақтары Санат:Дания айлақтары