right|200px|Берік Садыр Берік Садыр (20 маусым, 1954 жыл, Алматы облысы, Райымбек ауданы) - сықақшы, журналист.

Өмірбаяны 1977 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Нарынқол ауданындығы «Қызыл шекара» орта мектебінде мұғалім болып бастаған. республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде (1978— 1982) тілші «Қазақ әдебиеті» газетінде (1982 — 1987) аға тілші «Ара—Шмель» журналында (1987 — 1990) техредактор, фельетонист «Ұлан» газетінде (1990—1994) жауапты хатшы болып жұмыс істеді. «Егемен Қазақстан» газетінде аға тілші.

Шығармалары

«Не десем екен?!» атты сатиралық тұңғыш кітабы «Жалын» баспасынан 1987 жылы жарық көрді «Арман қанатында» («Жалын», 1984) «Кеш жарық» («Өнер». 1989) «О несі-ай?!» («Жазушы», 1991) «Қосымша ми» («Елорда», 2002) атты әзіл әңгімелер кітабы «Бірде...» «Күлкі әлемінің күлкісі» («Аударма», 2003) атты аударма кітапшалары бар.

Марапаттары Республикалық Журналистер одағының Ж.Алтайбаев атындағы сыйлығының иегері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5

Дереккөздер

Санат:20 маусымда туғандар Санат:1954 жылы туғандар Санат:Райымбек ауданында туғандар Санат:Қазақстан сықақшылары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Жас Алаш журналистері Санат:Қазақ әдебиеті газеті журналистері Санат:Ара-Шмель журналы қызметкерлері Санат:Ұлан газеті журналистері Санат:Егемен Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері