Сәуле жарқылының зақымы — ядролық жарылыс қуатының 40 пайызы кететін зақымдаушы фактор.

Негізгі көзі — отты шар (әуедегі жарылыста) немесе отты жарты шар (жердегі жарылыс кезінде). Қызуы күн сәулесінен ондаған есе куатты. Отты шардың сәулесі шарпып, кейде өрт тудырады. Сондай-ақ ол қорғанбаған адамдарды, малдарды әр түрлі күйікке ұшыратады немесе біраз уақытқа дейін керу қабілетінен айырады.

Жарылыс жарқылын көрген мезетте-ақ таяу жердегі адамдар паналайтын орынға жасырыну керек. Егер ондай орындар жақын жерде болмаса, тасалы орынға тығылу керек немесе жерге етпетінен, бетаузын жерге қарата, көзді жұмып жата қалу керек.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс